Мектепте ұлттық және классикалық спорт түріне көп көңіл бөлінеді, үнемі спорттық жарыстар мен ойындар жүргізіліп тұрады. Таеквандо секциясы жүреді.
«Жас шешен» драма үйірмесін ҚазМу – дың Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі жоғарғы санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықова Алтынхан Есілханқызы жүргізеді. Алтынхан Есілханқызы оқушыларды шешендік өнерге баулып, Қобыланды, Алпамыс, Махамбет сынды ауыз әдебиеті мен халық батырларының, қазақтың шешен Төле, Қазыбек, Айтеке билердің бейнелерін сомдатып, сахна өнеріне баулиды. 6 Рауан фестивалінің III орын иегері, құрамы 40 оқушыдан тұратын, түрлі әуендерді 4 дауыста нақышына келтіре орындайтын, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, көпшіліктің көңілінен шығып жүрген «Жансарай» хоры. Жетекшісі Дурамбаева Гүлнұр Асылқанқызы.