Қазақстанда бір ғана мектепте 1-11 сыныптар аралығында «Домбыраға үйрету» сабағы енгізілген. Бұл пәнді жүргізетін -Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі, Чайковский атындағы музыка училищесінде жұмыс істеген, музыка пәнінің мұғалімі – Қабланова Күлзия Көпжасарқызы. Мектеп оркестрінің репертуарында 20-дан астам күйлер бар. Оркестр қалалық «Рауан» фестиваліне 6 рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Туркиядағы халықаралық «Фомгет» фестивалінде «Бас жүлде» иегері, Болгариядағы өткен фестивальдің лауреаты, Санкт-Петербургтағы фестивальдің дипломанты.

Білім Нарығында 27 Жыл

Тапсырыс беру