«Ғалым» Қазақ Ұлттық гимназиясы білім саласында 20 жыл жұмыс істеп келеді. 1995 жылы құрылған. Мемлекеттік лицензиясы № 0002124 серия А.А. 5 Мектеп директоры Күмісбекова Айман Күмісбекқызы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Абай атындағы ҚазМУ – дың 1976 жылғы түлегі. Гимназия 5 жыл сайын аттестациядан өтіп тұрады. Аттестация кезінде мектеп мемлекеттік стандартқа сай тексеріледі. 2007 жылғы гимназия аттестациядан кемшіліксіз өтті. Тексеру нәтижесі бойынша комиссия төмендегідей шешім шығарды: «Гимназия бүгінгі таңдағы мектеп талабына сай».

Кітапхананың кітап фондында 5000 аса кітап пен әдістемелік құралдар, сабаққа пайдаланатын сызбалар, карталар, көрнекі құралдар бар. Тамаша жабдықталған, интернет жүйесіне қосылған информатика кабинеті бар.

Әр баланың жеке киім шешетін шкафтары да бар.
Жаңа заман талабына сай жабдықталған асханада балалар мен ұстаздар үш мезгіл тамақтанады.

Оқу толығымен мемлекеттік тілде жүреді. Мектеп 140 балаға арналған.

Гимназия оқушылары үшін мектеп қолайлы жағдайлар жасаған.

«Ғалым » гимназиясындағы сыныптар өзгеше. Әр сыныпта 10-15 оқушыдан, әр балаға жеке – дифференциялды көңіл бөлінеді. Гимназияға қолайлы жағдай туғызған – Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Акуов Талғат Жауыдұлы. 2005 жылы мемлекеттік тілді жетілдіру бағдарламасын орындау мақсатында және Қазақстанның Конституция күнін мерекелеу алдында Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы білімге демеу берудегі әлеуметтік жобаны іске асырды. Тәуелсіз Кәсіпкерлердің Қауымдастығы, атап айтқанда, Талғат Жауыдұлы «Ғалым» Қазақ Ұлттық гимназиясына жаңа мекеме алып, оны қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектесті. Бұл – Қазақстандағы білімге қол ұшын берген тұңғыш кәсіпкер. Қазір «Ғалым» гимназиясы «Таугүл» ықшам ауданындағы жаңа ғимратта орналасқан.

Онда сапалы білім, саналы тәрбие алуға барлық жағдай жасалған. Оқу үрдісі аптаның 5 күнінде сағат 8.30- 17.00 аралығында жүреді. Оқушылар мен мұғалімдерді сабаққа алып келу мен үйіне жеткізу гимназия көліктерінің міндетіне алынған.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, «Таугүл» ықшам ауданы, Тепличная көшесі 58 үй.

Тел.: +7 (727) 221-77-62, 221-77-63, +7 (700) 424-08-84, +7 (701) 397-37-84

Білім Нарығында 27 Жыл

Тапсырыс беру