• Баланың кәмелетке жету жолындағы алғашқы қадамы – білім. Баланың одан әрі білім алу жолы оқу орнын таңдауына байланысты.
    Ғалым қазақ ұлттық гимназиясында сіздерді ілтипатпен, шыдамдылықпен өз ісін атқарып жүрген зейінді ұстаздар күтіп алады.
    Оқу орны оқу және демалыс, бос уақытты өткізу үшін қажетті базаны қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесі пәндер бойынша
    терең білім алуға мүмкіндік береді, бұл тәуелсіздікті одан әрі дамытудың тамаша құралы болары сөзсіз.
    «Ғалым» Қазақ Ұлттық гимназиясы білім саласында 27 жыл жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік лицензиясы
    № 0002124 серия А.А. 5 Мектеп директоры Күмісбекова Айман Айман Күмісбекқызы, ҚР Білім беру ісінің үздігі,
    Абай атындағы ҚазМУ- дың 1976 жылғы түлегі

    Мектепте тамаша педагогикалық ұжым жұмыс істейді. Мектеп оқытушылары оқушылардың шығармашылық  деңгейін бақылып, соған лайықты жүйені оқу үрдісіне енгізген. Өйткені бала шығармашылықпен шыңдалады.

    Оқушылардың таланттарын дамыту мақсатында мектеп әдісіне би, домбыра сабақтары енгізілген.Гимназияның барлық балалары өлеңді мәнерлеп оқып, ән салады, би билейді, кесте тоқып, домбырада ойнайды.

    Гимназия шәкірттерінің алып жатқан білімдері халықаралық стандартқа сай. Оқу үрдісіне жүргізілген жұмыстың нәтижесі ҰБТ қоытындысында , олимпиада мен ғылыми жобалар сайысында, басқа да байқауларда көрініп жүр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Білім Нарығында 27 Жыл

Тапсырыс беру